Колумбияда тасқыннан 40 мың адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Колумбияда тасқыннан 40 мың адам зардап шекті

17.05.2024

Колумбияның солтүстігінде төпелеп жауған жаңбырдан дамба құлап, егістік алқаптарын су басты. Тасқыннан 40 мыңдай адам зардап шеккен. Олардың арасында фермерлер, балықшылар мен күріш өсірушілер бар. Қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ. Құлаған су бөгеті өзеннің ағысына кедергі келтіріп тұр деп экологтардың сынына талай рет ұшыраған болатын.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу