Әлемнің 43 елі «Qazvac» вакцинасын алуға дайын - Ералы Тоғжанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 43 елі «Qazvac» вакцинасын алуға дайын - Ералы Тоғжанов

27.01.2022

Әлемнің 43 елі «Qazvac» вакцинасын алуға дайын. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде осылай деп мәлімдеді. Қазақстан әлемдегі 6 мемлекеттің ішінде бесіншісі болып өз вакцинасын шығарған ел. Бұл үлкен жетістік. Дегенмен әлі де атқаратын жұмыс көп, деді Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ, жиында «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға тағы 20 млрд теңге бөлінетіні айтылды.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Бұл қаражат батыс және оңтүстік облыстарда білім беру, мәдениет және спорт объектілерін салуға жұмсалады. Сондықтан бір апта ішінде жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, құрылыс жұмыстарының жоспарын ұсыныңыздар.

«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады

Мектептерде математика пәнін топқа бөліп оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұдан бөлек, Асхат Аймағамбетов «технология, еңбекке баулу пәндерін де екі топқа бөліп оқыту керек», деді. Министрдің дерегінше, биыл 200 мектеп салынып, 2 мың пәндік кабинет сатып алынады. 300 балабақша ашылады. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады. Яғни техникалық бағыттарға басымдық беріп, жаңа реформа әзірленеді. Техникалық мамандықтар бойынша биылдың өзінде грантар саны 40-тан 60 пайызға артты. Қосымша гранттар да бөлінеді.


Хабарламаларға жазылу