Атырау облысына жағалауды нығайту үшін қосымша техника жіберіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысына жағалауды нығайту үшін қосымша техника жіберіледі

10.04.2024

Атырау облысына жағалауды нығайту үшін өзге өңірлерден қосымша техника жіберіледі. Бұл жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Техникалар Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан қосымша тартылатынын болады. Олар аудан әкімдерінің берген өтініштеріне қарай таратылады. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі тарапынан қосымша күш мен құрал тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жайық өзені бойын әуеден барлады. Жайық жағалауын нығайту жұмыстары Атырауда да жүргізілуде. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 107 учаскеге бөлінген. Олардың әрқайсысына жауапты маман бекітілген. Бүгінде 32 шақырым дамба орнатылды. Оқиға орнында 503 бірлік техника мен 9 мыңға жуық ерікті жұмылдырылған.


Хабарламаларға жазылу