Ат жарысынан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ат жарысынан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі

01.05.2024

Бүгін Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен ат жарысы өтті. Бәйгеге алыс-жақын елдерден атбегілер мен шабандоздар келді. Ал билеттен түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі. Ат жарысына 70 пырақ қатысып, бірнеше қашықтықта бақ сынады. Ең ұзыны – 2 мың шақырым . Додада шабандоздардың салмағы мен сәйгүліктің жасы да ескерілді. Сайыста оза шапқан тұлпарлар Қазақстан құрамасына іріктеліп, оның атбегісі мен шабандозы біліктілігін арттыру үшін шетелдік мамандармен тәжірибе алмасады. Ал жарыс соңында көкпар тарту, теңге ілу, қыз қуу болды.

Диклен Гелспи, Бапкер /Ирландия/:

Бүгінгі шараға келген тұлпарлардың шабысы, көрермендердің көптігі, соның ішінде әсіресе жастардың басым бөлігі бұл спорт түріне қатты қызығатынына таңқалып тұрмын. Менің ойымша, қазақтың бәйгеге қосатын сәйгүліктері мықты. Кабирхан секілді талайды таңдай қақтырған тұлпарлар Қазақстанның атын әлі талай әлемге танытады деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу