Алматы қаласына сырттан көлік кіргізілмеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласына сырттан көлік кіргізілмеуі мүмкін

03.05.2024

Бұдан былай Алматыға сырттан көлік кіргізілімеуі мүмкін. Бұл мәселені шаһар әкімдігі қолға алып, арнайы автотұрақ салмақ. Қазір құрылыстың жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба толық жүзеге асса, мегаполисте тіркелмеген темір тұлпарлар үшін тұрақ ақылы болады деп жоспарланған. Автотұрақ қаланы қара түтіннен арылтып, кептелісті азайта ма? Бұған тұрғындардың пікірі қандай? Айдана Қуантхан тарқатсын.

2027 жылдан бастап Алматыға сырттан келетін көліктер кіргізілмейді. ГРАФИКА: Келер жылы 7 қабатты, сыйымдылығы 3000 көлікке арналған тұрақтың құрылысы басталады. Ол үшін арнайы орындар «Барлық базары», «Құлжа тас жолы» аумағы мен «БАКАД» төңірегінде болады, - дейді жауаптылар. КСМ: Ақылы тұрақ көшедегі көлік кептелісін азайтуы мүмкін, алайда қала шетінен күнде қатынайтындар үшін тиімсіз, - дейді тұрғындар.

Көлік кептелісінің алдын алу, қала шетіне автотұрақ орналастырумен шектелмейді. Дамыған мемлекеттерде кептеліс жоқтың қасы. Өйткені, жолаушыларға арналған қоғамдық көліктің түрі көп және олардың қозғалыс сызбасы мен ара қашықтығы ретке келтірілген, - дейді сарапшылар.

Ақшолпан Рахатқызы, Сарапшы:

Керісінше тыйым салудың орнына, жағдай жасап беруіміз керек. Қала сыртына шығатын бағыттар екі-үшеу болса олардың санын арттыру керек. сонымен қатар, метроны адам көп шоғырланатын жерге, қаланың сыртына қарай тез арада созатын болсақ. Қазіргі таңда автобус пен метроның арасындағы интервал 15-20 мин, жарты сағатқа созылып жатыр. Бұлар әрине тиімсіз.

 Айдана Қуантхан, Тілші:

Қала әкімдігі қазір шаһарда 30-дан астам көлік жолайырығы болса да, кептеліс азаяр емес, - дейді. Өйткені, Алматыда тіркелген 550 мың көлікті қоспағанда, сырттан күніне 300 мыңнан аса темір тұлпар кіріп, шығады. Бұл мегаполис экологиясын жақстартып, көлік кептелісін азайтуы мүмкін. Ал, жобаның жүзеге асуы уақыттың еншісінде!

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу