Ұлттық музейде қос батырға арналған тегін көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде қос батырға арналған тегін көрме ашылды

04.05.2024

Кеңес Одағының Батыры, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевқа арналған көрме ашылды. Келем деушілерге есік ашық. Ұлттық музейде ұйымдастырылған көрме тегін.

Сырым Қасенов, ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері:

Тұңғыш Қорғаныс министріміз бен рейхстагқа ту тігуші Қошқарбаевтың еңбегі. Екеуі Ақмола облысынан бір өңірден шыққан. Түйдей құрдас. 24 жылы дүниеге келгендіктен, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев басымдық беріп отыр, 100 жылдығын ерекше етіп өткізу керек және Қорғаныс министріміз бен рейхстагқа ту тігуші Қошқарбаевтың еңбегін келер ұрпаққа дәріптеу мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз.


Хабарламаларға жазылу