![Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50323.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Испания Королі VI Фелипе Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Ол сондай-ақ, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени байланыстары оң үрдісте дамып келе жатқанына назар аударды.
Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген.
Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Испания Үкіметінің төрағасы М.Рахой құттықтауында Қазақстан мен Испания екі елді ұзақ уақыттан бері байланыстырып келе жатқан достық қатынастарды алдағы уақытта да нығайта беретініне сенім білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100006/)