![«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін халықаралық фотопортрет байқауы жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50334.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін фотопортрет байқауы жарияланды. Сайыс жеңімпазы «Taylor Wessing Photographic Portrait Prize 2015» жүлдесімен марапатталып, 12 000 британдық фунт көлемінде (3 500 000 теңгеге жуық) сыйақы алады. Сондай-ақ, байқау финалистеріне ақшалай сыйлық беріледі.
Ал, 30 жасқа дейінгі фотографтар Джон Кобал жүлдесі үшін сайысқа қатыса алады. Жеңімпазға 4 000 британдық фунт (1 168 000 теңгеге жуық) көлемінде сыйақы беріледі. Сонымен қатар, британдық киноиндустрияға қатысы бар атақты адамның портретін жасауға тапсырыс алады.
Байқауға әр қатысушыдан 6 суретке дейін қабылданады. Бір сурет үшін 27 фунт (7 884 теңге) көлемінде жарна төлеуі керек. Өтініштер 6 шілдеге дейін қабылданады.
Айта кетейік, конкурсты Лондондағы Ұлттық портрет галерясы ұйымдастыруда.
ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Тейлор Уессинг» жүлдесі үшін халықаралық фотопортрет байқауы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100017/)