![«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50434.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді.
«Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ.
Еске сала кетейік, Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100117/)