![«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады.
Байқау талабы бойынша туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек.
Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.
Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.
Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.
Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.
E-mail: balapantv@kaztrk.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100126/)