![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50464.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік жұмыстардың жүргізілуіне байланысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады.
Нақтырақ айтқанда, 20 шілде сағат 03:00-17:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша көрсетілмейді.
21 шілде күні сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аналогтық хабар тарату бағдарламасында бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Ал, «Отау ТВ» желісіндегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары 14:00-16:00 аралығында күнделікті кесте бойынша тарайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100147/)