![Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50492.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан аумағына Иран аудандарынан тропикалық ауа келуіне байланысты демалыс күндері және дүйсенбі күні ауа райы қатты ыстық болады, деп күтілуде. Температура нормадан 6-12º жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Ал, жақын арадағы тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде жаңбыр сақталады. Бірақ жексенбі күні мұнда да температура климаттық нормадан 3-6º жоғары болады деп болжануда.
Қазақстанның батыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, ыстық бәсеңдейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100175/)