![Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Дуалы ауыз қартым бар, Аталы сөз алтын нәр!» атты бата беру жарысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50550.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сайыс «Дін мен дәстүр» жылы аясында мешіт молдалары мен жамағаттары арасында ұйымдастырылған.
«Бата беру жарысының талаптарына сәйкес жасы 50-ден асқан 13 ақсақал өзара бақ сынасты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Нәтижесінде Ақсу ауданы мешітінің жамағаттары Тукай Сырдыхан мен Рамазан Берікбаев І және ІІ орынды иеленді. Павлодар ауданы «Қасым қажы» мешітінің жамағаты Қуат Баязитов ІІІ орынға лайық деп танылды», - деді А. Тойшыбайұлы.
Орталық мешіттің баспасөз хатшысының айтуынша, алдағы уақытта осындай байқаулар облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.
Фото: Pavlodarnews.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Дуалы ауыз қартым бар, Аталы сөз алтын нәр!» атты бата беру жарысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100233/)