![Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50578.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен 2009 жылдың 18 шілдесінен бері Нобель сыйлығының лауреаты Халықаралық Нельсон Мандела күні аталып өтіп келеді.
Осыған орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді.
Шараға ҚазҰУ-дың басшылығы, Оңтүстік-Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Шириш Манаклал Сони, БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің Алматыдағы өкілі Властимил Самек және университеттің оқытушылары, докторанттары мен магистранттары қатысады.
Сондай-ақ, «Халықаралық Нельсон Мандела күні: белсенді еріктілер құрылымы» атты тақырыпта семинар өтізіліп, ҚазҰУ мен Durban University of Technology (ОАР) университеттері оқытушылары және студенттерінің қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ Ұлттық университетінде Нельсон Мандела аудиториясының ашылу рәсімі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100261/)