![«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50616.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балапан» телеарнасы хабар тарату шектерін кеңейтуде. Телеарна 6 шілдеден бастап ерекше қауіпсіздік тәртібімен Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады.
Хабар тарату «БайқоңырБайланысАқпарат» мемлекеттік унитарлық кәсіпорынның жер үстіндегі аналогтық желісі арқылы іске асырылуда.
Хабар тарату қазақ тілінде жүргізіледі. Эфир уақыты - 07:30 – 21:30 аралығы.
Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған. «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіреді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы Байқоңыр қаласында хабар тарата бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100299/)