![Прокуратура педофилдерге химиялық кастрация жасауды ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50626.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету әрекеттері көбеюде.
Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, былтыр елімізде педофилияға қатысты 455 қылмыстық іс тіркелсе, биыл мұндай әрекеттердің саны 726-ға жеткен.
Осыған қатысты құзырлы орган өкілдері педофилдерге қарсы заңды қатайту қажет,- дейді.
Қазір Бас прокуратурада зорлық-зомбылық жасағандарға ерікті немесе мәжбүрлі түрде химиялық кастрация жасау мен педофилия үшін жаза өтегендерді Қазақстанға кіргізбеу мәселесі қарастырылып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Прокуратура педофилдерге химиялық кастрация жасауды ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100309/)