![«Астана Опера» театрында биыл «Абай» операсының тұсаукесері өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50734.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Операның жаңа қойылымын Қазақстан мен Италияның біріккен шығармашылық ұжымы дайындаған. Қоюшы дирижер – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор А. Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – итальяндық Джанкарло дель Монако, режиссердің кеңесшісі – ҚР Халық әртісі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің кавалері, профессор Есмұхан Обаев.
Операның көркемдік безендірілуін итальяндық шеберлер жасамақ. Олар – астаналық көрермендерге «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», «Ромео мен Джульетта» және «Бақшасарай бұрқағы» секілді туындылар арқылы танылған белгілі сценографы – Эцио Фриджерио және костюмдер бойынша суретші Франке Скуарчапино.
Абай – ұлттың рухани ұстазы болған әйгілі ақын, ағартушы, философ. А. Жұбанов пен Л. Хамидидің операсында осы биік әрі көп қырлы тұлғаның қасірет тереңдігі мен асқақ ойларының өрісі ашылмақ. «Абай – қазақ халқы үшін маңызы зор тұлға. Аса көрнекті қоғамдық-саяси және мәдени қайраткер. Ол әрқашан келешекке тура қарап, халқымен мәңгі бірге болды» – дейді операның қоюшы режиссері Джанкарло дель Монако.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана Опера» театрында биыл «Абай» операсының тұсаукесері өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100417/)