![20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50749.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жоспарлы-тәжірибелік жұмыстар кестесі және 2015 жылға арналған «Қазтелерадио» АҚ Ұлттық телерадиотарату желісі техникалық орталығындағы бақылау жұмыстарына сәйкес 20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік және «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Ал, 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында жоғарыда көрсетілген техникалық құрылымдарда тоқсандық бақылау жұмыстары жүргізіледі.
Осыған орай 20 шілде күні Қазақстан Республикасы бойынша Қазақ радиосының бағдарламалары 03:00-17:00 аралығында, «Шалқар» Ұлттық арнасының бағдарламалары 06:00-17:00 аралығында, «Астана» радиосының хабарлары (Астана қаласындағы қабылдағыш FM -101,4) 07:00-17:00 аралығында, «Classic» радиосының хабарлары 03:00-17:00 аралығында эфирге шықпайды.
21 шілде күні Қазақ радиосы, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары сағат 15:00-16:00 аралығында уақытша тоқтатылады.
FM -101,4 қабылдағышы Астана қаласында күнделікті уақыт бойынша сағат 07:00-02:00-ге дейін үзіліссіз хабар таратады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=20-21 шілде күндері «Қазақстан» РТРК» АҚ-да техникалық үзіліс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100432/)