![Астанада Жангелдин - Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50773.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жол жөндеу жұмыстары аясында су құбырларын, жылу трассасын тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған канализацияларды орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ.
Жангелдин - Бейбітшілік көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1-қыркүйек күні аяқталмақ. Осыған байланысты №9, 10, 23, 33 автобустардың қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш бағытта жүретін қоғамдық көліктер Бөгенбай батыр даңғылы арқылы жүретін болады.
astana.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Жангелдин - Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100456/)