![Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50790.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 шілде күні «Қайрат» пен армениялық «Алашкерт» өзара кездесіп, 3:0 есебімен алматылық команда алға шыққан еді. Енді 23 шілдеде «Қайрат» армениялық клубты жеңсе, онда УЕФА Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде хорватиялық «Риека» мен шотландиялық «Абердин» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Айта кетейік, «Абердин» сырт алаңда «Риеканы» 3:0 есебімен жеңген.
Осы аптаның тағы бір айтулы жарысы Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия мен Қазақстан арасындағы 1/4 финалының матчтары аяқталды.
Аптадағы ең маңызды спорт жаңалықтарын «Sport.kz» хабарынан бүгін 12:45-те көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спорт әлеміндегі жаңалықтар «Sport.kz»-те&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100473/)