![Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50817.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осы жылдың 24 шілдесінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Ш. Айманов, 6 (С. Сейфуллин көшесінің қиылысы) мекенжайындағы «Тұран-Профи» академиясының ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеде 25 жұмыс беруші 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынады. Мақсаты - жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және ақылы қоғамдық жұмыстарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылады.
Айта кетейік, Астана қаласында 2015 жылдың І жартыжылдығында 9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, 2300 адам жұмысқа орналастырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100500/)