![Ақтөбе облысының әкімі Димаш Құдайбергенге Алғыс хат табыстады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50848.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Беларусь елінің Витебск қаласында өткен «Славян базары-2015» XXIV халықаралық ән байқауының Гран-при жүлдегері Димаш Құдайбергенге Алғыс хат пен 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Аймақ басшысымен кездесуге Димаштың ата-әжесі, ата-анасы Қанат пен Светлана Айтпаевтар және әншінің әндерін өңдеген Бахытбек Зейнелов келді.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін және арнайы «Лира» сыйлығына ие болды. Ол екі күннің қорытындысы бойынша қарсыластарынан басым түсіп, 175 балл жинады.
Фото: Е.Кенжалиев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысының әкімі Димаш Құдайбергенге Алғыс хат табыстады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100531/)