![Теміртау қаласының жас құтқарушылары Әзірбайжанда өткен жарыста 5-ші орын алды (ФОТО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50860.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысы, Теміртау қаласының «SOS» балалар ауылының жас құтқарушылар командасы Әзербайжан Республикасының Гябяля қаласында өткен «Жас құтқарушылар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер жарысынан оралды. Олар командалық есеп бойынша 5-ші орынды иеленді.
Сайыста қазақстандық 7 жасөспірім Ресей, Беларусь Республикасы, Молдовия, Грузия, Түркия және Польшадан келген қатысушылармен бақ сынасты.
Айта кетейік, шара Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теміртау қаласының жас құтқарушылары Әзірбайжанда өткен жарыста 5-ші орын алды (ФОТО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100543/)