![Қазақстанда тұңғыш рет оқушылар арасында ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_50909.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда тұңғыш рет информатика пәнінен оқушылар арасындағы XXVII Халықаралық олимпиадасы (ІОІ-2015 International olympiad in informatics) өтеді. Шараға әлемнің 80 елінен 630-дан астам бала қатысады. Бұл - қатысушылардың рекордты саны, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.
Олимпиада 2015 жылдың 26 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында өтеді. Ал, шараның ашылу салтанаты 27 шілде күні сағат 15:00-де Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ұйымдастырылмақ.
Информатикадан ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасына Қазақстан атынан қатысатындар:
Данияр Маминов - информатика пәнінен Еуразиялық олимпиадасының күміс медаль, Халықаралық олимпиаданың қола медаль, математика, физика, информатика пәндері бойынша Жәутіков олимпиадасының күміс медаль иегері;
Мейрамбек Өмірзақ - информатика пәнінен Еуразиялық олимпиадасының күміс медаль, математика, физика, информатика пәндері бойынша Жәутіков олимпиадасының күміс медаль иегері;
Бекжан Бекболатұлы - информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль иегері;
Алтыбай Назарбек - информатика пәнінен Еуразиялық олимпиаданың күміс медаль иегері.
ІОІ-2015 ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Айта кетейік, ІОІ-2015 International olympiad in informatics - 1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін оқушылар арасындағы ең беделді зияткерлік сайыс. Олимпиаданың беделі мен танылуы жағынан математика пәні бойынша халықаралық олимпиада IMO-ға тең.
ФОТО: wikimapia.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда тұңғыш рет оқушылар арасында ІОІ-2015 Халықаралық олимпиадасы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100592/)