![Павлодарда мектеп оқулығын сатып алуға 593 миллион теңге бөлінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51008.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодар облысында жаңа 2015-2016 оқу жылында шәкірттерді оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында 593 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Өткен жылы оқулықтарды сатып алуға - 476 миллион, ал 2013 жылы 391 миллион теңге қаржы жұмсалған. Жаңа оқу жылында биылғы жылы баспадан шыққан 4, 5, 6 және 11-сынып оқушылары оқулықтармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 3-сынып оқушылары үшін ағылшын тілі, 7-сыныптың оқушыларына информатика пәнінен оқулықтар сатып алынады. Бұдан басқа, қосымша мектепалды және басқа да сынып оқушыларына арналған 2013-2014 жылы басылып шыққан кітаптар сатылып алынады», - деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Тамара Иванова
Білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өңірде оқулықтардың қоры әр 4 жыл сайын жаңартылады. Қазіргі таңда өңір мектептерінің кітапханаларының әдебиет қорында 5 943 335 кітап бар, олардың 2 856 066-сы – пән оқулықтары.
ФОТО: biznesoblast.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда мектеп оқулығын сатып алуға 593 миллион теңге бөлінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100691/)