![Елордада «Денсаулық жолы-2015» акциясы жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51011.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындары үшін «Денсаулық жолы» акциясы өткізілуде. Акция шілденің 1-нен тамыздың соңына дейін жалғаспақ.
Шараның басты мақсаты - ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша көмек көрсету.
Апта бойы келушілер кез-келген сұрақтары бойынша консультация ала алады.
Акцияға туберкулезге қарсы диспансердің мамандары, қаланың медициналық ұйымдар дәрігерлері бригадасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Денсаулық жолы-2015» акциясы жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100694/)