![Павлодар қаласында 2 тамыздан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51022.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР 2003 жыл 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» № 467-II Заңының 19-бабы және Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жыл 22 шілдедегі кезектен тыс сессиясының № 406/55 шешімі негізінде 2015 жылдың 2 тамызынан бастап қоғамдық көліктерде бір жол жүру тарифы – 60 теңгені құрайды –деп, Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Зейнеткерлер үшін бір жолғы жол жүру ақысы (автобустарда және трамвайларда) – 30 теңге жеңілдікпен белгіленеді.
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалардың жол жүру ақысы жол жүрудің толық құнынан 50 пайызды құрайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар қаласында 2 тамыздан бастап қоғамдық көліктердегі жолақы құны қымбаттайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100705/)