![27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51023.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін яғни, 27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында хабарлады.
«27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанның осы ұйымға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға барады», - деп жазған Жоғарғы Палата спикері.
Еске сала кетейік, 22 маусым күні Мемлекет басшысы ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан халқына Үндеу жолдаған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100706/)