![Алматыда ХОК сессиясының тікелей трансляциясы көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51067.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың 31 шілдесінде сағат 15:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында Халықаралық Олимпиада Комитетінің кезекті сессиясы тікелей эфирде көрсетілмек.
Сессияда 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізетін қала анықталады. Олимпиада ойындарын өткізуге - Алматы мен Бейжің қалалары үміткер.
Еске сала кетейік, ХОК сессиясы Малайзия астанасы – Куала-Лумпур қаласында 31 шілдеде өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ХОК сессиясының тікелей трансляциясы көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100750/)