![Батырхан Сәрсенхан – Жүрсін Ерманның бағасын алған ақын](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51080.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жас ақын Батырхан Сәрсенханның ата- анасы өлеңге жақын жандар. Олардың осы қасиеті баласына да дарыған. Алғашқы жырларын 12-13 жасынан жаза бастаған.
Баланың ақындық дарынын мектеп қабырғасында ұстазы Ұлжарқын Мұқай байқаса, кейін келе бәйгеге қосуға ықпал еткен ХҚТУ-дағы ұстазы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдолла Садықұлы болды.
Ал, Жүрсін Ерман жас ақынның жырларын жоғары бағалап: «Кім біледі, ертеңгі күннің ерен ақынының, шынайы шайырының тұсауын кесіп отырған шығармыз», деген болатын.
Батырхан Сәрсенхан – 1995 жылы 28 наурызда дүниеге келген. Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» байқауының жеңімпазы, халықаралық Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына өткен арнайы мүшайраның 2-орын иегері, Республикалық «Махамбет оқуларының» лауреаты.
Республикалық Қожаберген жырау мүшәйрасында 2-орын алса, облыстық «Шырайлым-Шұбайқызылым» атты ақындар байқауының бас жүлдегері, М.Мақатаев, Қасымбек Дәрібаев атындағы жас ақындар байқауының бас жүлдегері, Аудандық «Ата заңым-алтын діңгегім», «Туы биік, тұғыры мығым – Тәуелсіздік» атты мүшәйралардың жеңімпазы.
Ақынның шығармашылығымен толығырақ бүгін 13:10-да «Поэзия әлемі» хабарынан таныса аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батырхан Сәрсенхан – Жүрсін Ерманның бағасын алған ақын&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100763/)