![Бүгін «KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51094.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Финляндияда Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында жергілікті «ХИК» клубы елордалық «Астана» командасын қабылдайды.
Ойынды «KAZsport» телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, «Астана» 2-ші іріктеу кезеңінде словениялық «Марибор» командасын екі матч қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұтқан еді. Қазір УЕФА-ның клубтың рейтингісінде финляндиялық «ХИК» 136-шы, ал «Астана» 229-шы орында.
Сонымен қатар, 30 шілде күні Еуропа Лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында алматылық «Қайрат» өз алаңында шотландиялық «Абердин» клубын қабылдайды. Бұл ойынды да «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:30-да көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «KAZsport» телеарнасы «ХИК» – «Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100777/)