![Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекті азғындық әрекетке арбаған күдікті ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_13896.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекке телефон арқылы хабарласып, азғындық әрекетке арбаған күдікті ұсталды. Алдымен қызына белгісіз біреу телефон арқылы хабарласып, жыныстық қатынас туралы әңгіме қозғағаны жөнінде ата-анасы тиісті орындарға шағымданған.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстауға және кінәсін дәлелдеуге қатысты бірқатар сараптамалар жүргізген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекті азғындық әрекетке арбаған күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/1008/)