![Бүгін Куала-Лумпурда 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51146.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Куала-Лумпурда (Малайзия) ХОК (Халықаралық Олимпиада комитеті) 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықтайды.
Қысқы Олипиаданы өткізуге Алматы мен Бейжің өтініш білдіріп отыр. Алғашқы болып Алматы қаласының өтініші таңғы сағат 8:30-9:30 аралығында, ал Бейжіңдікі 09:55-10:55-те өтеді.
Сонымен қатар, Астана уақыты бойынша күндізгі сағат 15:30-да 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықталады.
Айта кетейік, Куала-Лумпурда өтетін барлық шараны «KAZsport» телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетеді.
КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:
08:30. ОЛИМПИАДА-2022. Алматы қаласының презентациясы. Тікелей эфир
09:55. ОЛИМПИАДА-2022. Бейжің қаласының презентациясы. Тікелей эфир
15:30. ОЛИМПИАДА-2022. 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының астанасын анықтау рәсімі. Тікелей эфир
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Куала-Лумпурда 2022 жылғы Олимпиада ойындарының астанасы анықталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100829/)