![Кәрім Мәсімов пен Ахметжан Есімов ХОК мүшелеріне Алматының мүмкіндіктерін таныстырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51156.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада Ойындарының астанасы анықталады.
Үміткер қалалар - Алматы және Бейжің.
Ұйым мүшелерін Алматының мүмкіндіктерімен таныстыру үшін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация барды.
Сондай-ақ, қазақстандық делегация қатарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Темірхан Досмұхамбетов, «Алматы-2022» ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Андрей Крюков, жеңілатлет Ольга Шишигина, мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәрім Мәсімов пен Ахметжан Есімов ХОК мүшелеріне Алматының мүмкіндіктерін таныстырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100839/)