![Қазақстандық ұшқыштар Ресей және Беларусь ұшқыштарымен сайысуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51186.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
29 шілде күні «Авиадартс-2015» халықаралық байқауы қазақстандық қатысушы ұшқыштардың алғашқы таныстыру және жаттықтыру ұшулары өтті. Рязань қаласының маңындағы «Дягилево» әуеайлағында қазақстандық және ресейлік ӘӘК ұшу экипаждары Су-27, МиГ-29 жойғыштары мен Ми-8 тікұшақтарында сайысты. Содан кейін қазақстандық Су-25 шабуылдаушылары Ресей және Беларусь ұшқыштарымен бәсекеге түсті.
2 тамызда «Авиадартс-2015» сайысының басталуы аясында «Авиамикс» жеке авиа-шоуы жоспарланған. Бағдарламада «Ресей сұңқарлары», «Ресей батырлары» және «Сұр қарлығаш» жоғары пилотажды авиациялық топтары өнер көрсетпек.
Жоғары пилотаждан басқа ұшу аппараттарының жауынгерлік мүмкіндіктері де көрсетілетін болады. Аталған авиа-шоуға Су-25 шабуылдағыштарында қазақстандық ұшқыш қатысады.
Айта кету керек, «Авиадартс-2015» халықаралық байқауы Халықаралық армия ойындары-2015 (ARMY-2015) шеңберінде бірінші рет өткізіліп отыр.
Тәуелсіз бақылаушылар ретінде байқау барысын Мысыр, Бахрейн, Венесуэла, Үндістан, Пәкістан, Мьянма және Словения өкілдері қадағалайтын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық ұшқыштар Ресей және Беларусь ұшқыштарымен сайысуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100869/)