![Жырақ кеткен бүлдіршіндер](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51224.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тағдырдың жазуымен туған топырақтан жырақ кеткен бүлдіршіндер бүгінде басқа ананың құшағында, басқа елдің топырағында.
Русланның ата-анасы – дәрігер. Русланның анасы Мэриан: «Мен ең алдымен ана бақытын сезінуді қаладым. Сондықтан, бірінші күйеуімді емес, Русланды таңдадым»,-дейді. Ол қазақ бүлдіршінін осыдан 10 жыл бұрын асырап алған. Содан кейін ғана тұрмыс құрған.
Ал, Жаннаның әкесі Ричард: «Онсыз менің өмірімнің мәні жоғалар еді. Соңғы сегіз жыл менің ең бақытты дәуренім»,-дейді. Себебі, ол жұбайы екеуі қазақ қызын 50-ден асқанда асырап алған.
Бүгінде АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларын мекен еткен қазақ бүлдіршіндері - Жанна, Дана, Руслан, Милананың тағдырымен толығырақ 12:10-да «Шетелдегі қазақ балалары» жобасынан таныса аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жырақ кеткен бүлдіршіндер&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100907/)