![Қазақстанның армия құрамасы ТМД елдері арасында өткен әскери-спорт ойындарында 3-ші орын иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51233.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мәскеуде өткен ТМД елдері арасындағы І әскери-спорт ойындарында Қазақстан армиясының құрама командасы 3-ші орын жеңіп алды.
Қазақстандық әскерилер барлығы 47 жүлде, атап айтсақ – 7 алтын, 16 күміс және 24 қола медаль жеңіп алды.
Алғашқы әскери-спорт ойындарында Қазақстанның атынан ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубының атақты әскери спортшылары шықты.
Суда жүзу, дзюдо, қоян-қолтық күрес, кір спорты, офицерлік үшсайыс және штаттық қарудан оқ ату бойынша сайысқа түскен біздің сарбаздар жүлделі орындарды жеңіп алды.
Бірінші орынды Ресей атлеттері, ал екінші орынды – Беларусь армиясының құрамасы жеңіп алды. Жарысқа алты елден барлығы 300-ден астам әскери қызметші қатысты.
Фото: mod.gov.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның армия құрамасы ТМД елдері арасында өткен әскери-спорт ойындарында 3-ші орын иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/100916/)