5 тамыз – Хонда қайтыс болған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 тамыз – Хонда қайтыс болған күн

05.08.2015
5 тамыз – Хонда қайтыс болған күн

Жапондық конструктор, кәсіпкер, «Honda» компаниясының негізін  қалаушы Соитиро Хонда 1906 жылдың 17 қарашасында Хамамацу қаласында дүниеге келген. Соитироның әкесі ұста еді. Отбасын асырау үшін ол велосипед жөндейтін кішігірім ұстахана ашады. Дәл осы жерде бала Соитиро техника тілін үйрене бастайды.

15 жасында Соитиро Токиоға барып, «Art Shokai» автошеберханасына жұмысқа тұрады.

Көп ұзамай Соитиро механик дәрежесіне көтеріледі де, «Sakakibara» шеберханасының қожайына оған «Daimler» негізіндегі жарыс автокөлігін жасап шығаруды ұсынады.

Хонда тапсырылған жұмысты тиянақты орындап, жарысқа қатысады әрі жеңіске жетеді. Конструктор алғашқы патентін 1928 жылы автокөлік дөңгелектерінің ағаш шабағын металмен ауыстыруды ойлап тапқан кезде алды.

Дәл осы жылы ол туған қаласында  «Art Shokai» компаниясының филиалын ашады да жаңа жарыс автокөлігін құрастыруға кіріседі. 1930 жылдардың ортасында  «Хамамацу» жаңа көлігі түрлі жарыстардан жүлделі қайтып жүрді.

Ал, II Дүниежүзілік соғыстан кейін  Соитиро мотоцикл өндірісіне  түбегейлі кіріседі. Алғашында велосипедке мотор жалғап бастайды. Бірақ, кейін бұдан тәуір кәсіп жасауға болатынын ескереді де, «Honda Technical Research Institute»-тің негізін қалайды.

Осы фирма аясында Хонда өзінің жетілдірілген қозғалтқышты, моторлы велосипедтерінің сериалық өндірісін бастайды. Екі жылдан кейін фирма атауын «Honda Motor Company» деп өзгертеді.

Уақыт өте фирма әлемдегі мотоцикл өндіретін ең негізгі өндіріс орнына айналады. 1949 жылы пайда болған  ең алғашқы моделі «Honda Dream» деп аталды. Ал, 1970 жылдары Хонда автокөлік шығаруды қолға алады.

Хабарламаларға жазылу