![Елордада дарынды балаларға арналған «Astana EnglishSchool» гимназиясына оқушылар қабылдау басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51363.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 қыркүйекте Астананың сол жағалауында «Батығай» тұрғын үй кешенінің жанында дарынды балаларға арналған № 81 Astana EnglishSchool» гимназиясы ашылады.
Мектепте қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ беріледі.
Бүгінгі күннен бастап гимназияда конкурсты ақылы негізде оқуға 1-7 сыныптарға оқушылар қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап өтейік, биыл 1 қыркүйекте елордада жаңадан үш мектеп жұмысын бастайды. Жаңа оқу жылында елордалық 17 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға көп.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада дарынды балаларға арналған «Astana EnglishSchool» гимназиясына оқушылар қабылдау басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101046/)