![«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51394.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматының «Қайрат» командасы Еуропа лигасының плей-офф сынында Францияның «Бордо» футболшыларымен кездеседі.
Бұл туралы бүгін UEFA-ның жеребе тарту рәсімінде белгілі болды.
Еске салайық, бұның алдында «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңінде «Црвена Звезданы» жолынан ығыстырса, екінші кезеңде «Алашкерт» клубынан басым болды. Үшінші кезеңде шотландиялық «Абердин» командасын ұтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қайрат» футбол клубының плей-офф сынындағы қарсыласы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101077/)