![Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51429.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа оқу жылында Астанада тағы үш мектеп ашылмақ.
Есіл ауданы Орынбор көшесі 22/1 мекен-жайы бойынша орналасқан №77 мектеп-гимназиясы, Комсомольский тұрғын алабындағы Е246 көшесінде орналасқан №79 мектеп-гимназиясы және «Батығай» тұрғын алабында орналасқан дарынды балаларға арналған «Astana English school» мектебі.
Мектеп ғимараттарының әрқайсысы 1200 орынға лайықталған.
Қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, ағымдағы жылы 17 мыңнан астам оқушы 1 сыныпқа бармақ. Өткен жылмен салыстырғанда, мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер саны екі мыңға артқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа оқу жылында Астанада үш мектеп ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101112/)