![Демалыс күндері Елорда саябақтарында спорттық шаралар өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51438.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
8, 9 тамыз күндері Елордада қол күрес пен гір көтеру бойынша сайыстар өтіп, волейбол ойындары мен көңілді старт ұйымдастырылады. Ондағы мақсат – қала тұрғындары мен қонақтарының бұқаралық демалысын қызықты өткізу, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу.
«Жерұйық», «Арай», «Студенттік» және «Ғашықтар» саябақтары барлық астаналықтарды сағат 18:00-20:00 аралығында өтетін көңілді стартқа шақырады, дәл осы уақытта «Астаналық» саябағында гір көтеру мен қол күресінен ойындар көрсетіледі.
Сондай-ақ, «Отан қорғаушылар алаңында» сағат 18:00-20:00 аралығында ролик тебу ұйымдастырылса, «Президенттік» саябағында волейбол ойыны болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері Елорда саябақтарында спорттық шаралар өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101121/)