Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

09.08.2015
Ұлттық арна жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа жоба жүргізушісіне кастинг жариялайды.

Кастингке 30-45 жас аралығындағы келбетті, жүзі жылы, танымы кең, тікелей эфирде өзін ұстай алатын, дикциясы мен сөйлеу мәнері қалыптасқан  қыз-келіншектер қатыса алады. 

Жоба күн сайын тікелей эфирде көрсетіледі. Кез-келген тығырықтан шыға алатын, тосын жағдайларда шығармашылық пен ерекше тапқырлыққа баруға батылы жететін жандар бағын сынап көрсе болады. 

Кастингтің өтетін орны мен уақыты туралы толық ақпаратты 8 (717)2-55-33-86  телефон нөмірі бойынша біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу