Бостондық дәрігерлер 3D-принтерді ота алдындағы дайындыққа пайдалануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бостондық дәрігерлер 3D-принтерді ота алдындағы дайындыққа пайдалануда

09.08.2015
Бостондық дәрігерлер 3D-принтерді ота алдындағы дайындыққа пайдалануда

Бостон балалар ауруханасының хирургтері 3D-принтерді ота алдындағы дайындыққа пайдалануда. Бұл дәрігерлердің біліктілігін айтарлықтай арттырып, күрделі оталардың сәтті аяқталуына мүмкіндік береді.

Егер науқаста тамыр патологиясы ауруы болып, тамырлар орналасуы әдеттегідей емес, өзгеше орналасса, мұндай жағдайда дәрігердің мол тәжірибесі мен заманауи технологиялардың өзі қауқарсыз келеді.

Ота сәтті өтуі үшін дәлдік керек, әрі оны аз ғана уақыттың ішінде аяқтау қажет. Дәл осы кезде дәрігерге науқастың тамыр торларының 3D-моделі көмекке келеді. Бұл модель арқылы дәрігерлер алдын ала дайындықтан өтеді. Осы әдістің арқасында ота жасау уақыты айтарлықтай азаяды. Себебі, дәрігерлер өз мүмкіндіктерін нақты біледі.

Бостон ауруханасы  бұл әдісті бір жылдан бері түрлі бөлімдерінде жүрек, ми, жақ сүйек-бет аномалиясы оталарында  қолданып келеді. Дәрігерлер науқас операция үстеліне жатпас бұрын оның барлық мүшелері туралы ақпаратты алдын ала біліп, өздігінен  дайындалады.

Басып шығарылған модельдермен жұмыс істеу арқылы отаның ең тиімді жолын қарастыруға мүмкіндік бар.

Хабарламаларға жазылу