![«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылы аяқталмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51491.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылдың ортасына қарай аяқталмақ. Бұл туралы Маңғыстау облысы Автокөлік жолдары және жолаушылар транспорты басқармасы жетекшісінің орынбасары Тұрбек Спанов мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен, 470 шақырым болатын «Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы басталған еді. Соның «Бейнеу-Шетпе» бөлігінің 300 шақырым жердегі 240 шақырымы бүгінде қозғалысқа берілген. Сарапшы мамандар дәл осы бағытта сауда тасымалының артып отырғанын айтады»,-деді Тұрбек Спанов.
Жолдың жөндеу жұмыстары 2017 жылдың ортасына қарай аяқталады. Құрылыстың жалпы құны 83 миллиард теңгені құрайды.
«Алда әлі талай атқарылар жұмыс көп. Ол келер жылы басталатын «Бейнеу-Өзбекстан шекарасы», «Жетібай-Жаңаөзен» жолдары. Сондай-ақ, Ақтау қаласына дейінгі подъездерді 4 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары да қолға алынбақ»,-деді Тұрбек Спанов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының құрылысы 2017 жылы аяқталмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101174/)