![Статистика агенттігі құрылыс жұмыстарының қарқыны туралы мәліметтерді жария етті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51508.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2013 жылға қарағанда 4,6 пайызға артып, 2 667,2 миллиард теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің едәуір үлес салмағы 872,2 миллиард теңгені немесе 32,7 пайызда құраған өнеркәсіп объектілерінің құрылысына тиесілі.
2014 жылы әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер пайдалануға берілді. Олардың арасында 113 жалпы білім беретін мектеп, 105 мектепке дейінгі ұйым, 176 амбулаториялық-емханалық ұйым және 7 аурухана. Астана қаласында Қазақстан Тарихы Мұражайы пайдалануға берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Статистика агенттігі құрылыс жұмыстарының қарқыны туралы мәліметтерді жария етті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101191/)