![Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51511.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің «Қазақстан Республикасының көші-қон және демография саясаты» тақырыбына арналған отырысы өтті.
Отырысқа Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің және орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстанның ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары қатысты.
Шара барысында сыртқы және ішкі көші-қон, демографиялық саясат Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды факторлары екендігі атап өтілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қатысушылар Қазақстанның көші-қон және демография саясатын қалыптастыру мен оны іске асырудың тиімділігін арттыруға ғылыми, сараптамалық қолдау көрсету мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Мемлекетіміздің экономикалық дамуын ескере отырып, сыртқы еңбек көші-қонын реттеу, ішкі көші-қонды оңтайландыру жөнінде арнайы ұсыныстар енгізілді.
Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан Қауіпсіздік Кеңесі мен мемлекеттік органдар жұмысында пайдаланылатын нақты ұсыныстар берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Н.Ермекбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101194/)