![Алматыға Оңтүстік Кореядан делегация келе жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51518.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
19 тамыз күні Алматыда Қазақстан мен Корея арасында бизнес-миссия өтеді, деп хабарлайды «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі.
Шараның ұйымдастырушылары – «Даму» қоры мен Кеймюнг (Оңтүстік Корея) университеті жанындағы Индустриялды-академиялық серіктестік қоры (ИАСҚ).
Мақсат – ұзақмерзімді серіктестікті дамыту үшін қазақстандық кәсіпкерлерді Кореяның инновациялық технологияларымен таныстыру, біріккен сауда және кәсіпорын ашу.
Бизнес-миссия аясында кореялық компаниялар өз өнімдерін насихаттамақ. Сондай-ақ, кәсіпкерлермен жеке кездесу өткізуге мүмкіндік бар.
ИАСҚ орталығы негізгі қызметі төрт бағыттағы өзара қарым-қатынас ұйымдастыруға бағытталған. Олар: университеттер, индустрия, институттар және мемлекет. Бүгінде ИАСҚ экономиканың түрлі саласындағы 800 кәсіпорынмен байланыста.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыға Оңтүстік Кореядан делегация келе жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101201/)