![Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталды (ТІЗІМ)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51521.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Осылайша, комиссия 2015-2016 оқу жылына бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады.
Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды. Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант - түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуығы - педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.
Еске сала кетейік, биылғы жылы білім гранттарын алуға 67 377 түлек қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі анықталды (ТІЗІМ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101204/)