![Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51576.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мәселелерін және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады.
Сонымен қатар, екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвестиция, өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм және басқа салалардағы перспективалары қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы әрдайым жоғары деңгейде екенін, Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі қазірдің өзінде 1 миллиард доллардан асатын тауар айналымын одан әрі жандандыра түсуге жағдай туғызатынын айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101259/)